1995 жылы тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан Қазақстан Республикасы Ішкі әскерінің 17 жауынгеріне құрметіне Еске алу аллеясы ашылады

АСТАНА. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат - Сәуірдің 7-сінде – тәжік-ауған шекарасында 1995 жылы ерлікпен қаза болған Ішкі әскерлердің 17 жауынгерін еске алу күні болып табылады.

Жыл сайын осы күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің барлық әскери бөлімдерінде қаза болған батырлардың құрметіне орнатылған ескерткіштер төңірегінде қазалы жиындар өтіп, гүл шоқтары қойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Тәжікстанның Пшихавр шатқалында осыдан 14 жыл бұрын моджахедтермен болған ұрыста өз өмірлерін қиған Қазақстан Ішкі әскерлерінің 17 жауынгерін еске алуға арналған тақтайша орнатылған.Сәуірдің 7-сі күні Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджановтың, Ішкі әскерлер Қолбасшылығының, «Нұр-Отан» партиясының хатшысы С.Громовтың, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты С.Ферхоның, Астана қаласы әкімдігі өкілдерінің және ардагерлердің қатысуымен тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза болған Ішкі әскерлердің 17 жауынгері құрметіне Еске алу аллеясының ашылуы өтеді.