1998 жылдан бері жинақтаушы зейнетақы қорларынан ел бюджетіне 30 млрд. теңге түсті

None
АЛМАТЫ. 3 сәуір. ҚазАқпарат - Жинақтаушы зейнетақы қорлары Қазақстан нарығында бірегей ірі институционалдық қаржы инвесторы болып отыр.

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында «Қазақстан Халық банкі жинақтаушы зейнеатқы қоры» АҚ  басқарма төрағасының орынбасары Майра Кичигина айтты.

«Жинақтаушы зейнетақы қоры жүйесін құру бюджеттің кірісті бөлігін құрауда. Зейнетақы жинақтау қорларынан 1998 жылдан бері ел бюджетіне  30 миллиард теңге түсті. Сарапшылардың есептеуінше, халықтың заңды  кірісі 40 пайызға өсті. Ірі,  жеке институционалдық инвесторлар арасында елдің имиджі нығайды», - деді М. Тыныштыққызы.

Оның пайымдауынша, мемлекеттің қаржы жүйесін жағымды бағалауда жинақтаушы зейнеатқы жүйесі маңызды рөл атқарады. Қазақстанның жалпы ішкі өнімінде зейнетақы қорларының үлесі 10 пайыздан асады. Жинақтаушы зейнеатқы жүйесі қор нарығының дамуына өз  ықпалын тигізді.

«Мемлекеттік құнды қағаздардың 35 пайызы зейнетақы қорларының үлесінде. Бағалы қағаздар шығарылымының 45 пайызы немесе 1,3 триллион теңге жинақтаушы зейнеатқы жүйесінде. Зейнеатақы қорлары корпоративтік құнды қағаздардың ірі  ұстаушысы. Нарықтың  жалпы көлемнің 28  пайызы немесе 724 миллиард теңгені корпоративтік секторға зейнетақы қорлары инвестициялады», - дейді М. Кичигина.