2 ақпанда 11 қалада ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны 2 ақпан, сәрсенбі күнгі Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомство ұсынған мәліметке сенсек, бүгін, 2 ақпанда Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Теміртау және Шымкент қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.

Ал Риддер, Семей және Өскемен қалаларында ауа сапасының бұзылуының екінші дәрежелі деңгейі байқалады. Басқа қалаларда метеожағдай бірқалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.