2 ақпанда ел аумағында ауа райы қандай болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК синоптиктері 2 ақпан күні Қазақстан аумағында ауа райы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан территориясының ауа райында күрт өзгерістер болмайды.

Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарда фронттардың әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Көктайғақ болып, жел күшейеді.

Ал республиканың қалған бөлігінде антициклонға байланысты жауын-шашын жаумайды.

Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді.

Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Көктайғақ болады. Жел жылдамдығы 15-23 м/с дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Боран соғып, жел қарқыны 15-20 м/с жетеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман, күндіз желдің күші - 15-20 м/с.

Атырау, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады.

Түркістан облысында кей жерлерде тұман, түнде – көктайғақ.

Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде желдің екпіні - 15-20 м/с. Шаңды дауыл соғады.

Ақмола, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.