2 ақпанда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 2 ақпан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

11.00-де онлайн режимде Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде 2021 жылы ЖОО-ның білім беру бағдарламаларын бағалау қорытындысы туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер: ҚР Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова, «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі Олжас Ордабаев, Нархоз университетінің Президенті Мирас Дәуленов, «ПетроКазахстан» АҚ инженері Мейрам Есімхан.

Көрсетілім сілтемелері: Youtube, Facebook.

19.00-де «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрында «Экран әуендері» концерті өтеді.