2 ай қалды: 46% міндетті тұлға жалпыға бірдей декларацияны тапсырған
АСТАНА. KAZINFORM - Қаржы министрлігі жалпыға бірдей декларациялаудың бүгінгі күндегі жағдай бойынша көрсеткіштерін жариялады.
Ведомство мәліметінше, жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңінде 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары болып табылатын барлық жеке тұлғалар активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын (250.00-нысан) ұсына бастады.
Декларация Қазақстан Республикасы және (немесе) оның шегінен тыс жерлердегі активтер мен міндемелерінің бар жоқтығын көрсетуге арналған.
Бұл ретте бейрезиденттер, коммерциялық емес ұйымдарың құрылтайшылары (қатысушалыры) және акционерлері декларацияны ұсынудан босатылды.
2024 жылы Декларацияны 2,4 млн. жеке тұлға табыстауы қажет.
Жылдың басынан бастап 1,1 млн. жеке тұлға немесе декларанттардың жалпы санының 46% декларацияны тапсырды.
Оның ішінде Декларацияның 99,9%-ы электронды түрде, атап айтқанда салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz), «Электронды үкімет» порталы (egov.kz) және «е-Salyq Azamat», «eGov mobile», Kaspi.kz, Halyk, Вcc.kz мобильді қосымшалары арқылы табысталған.
Декларацияларды ұсыну бойынша ең үздік белсенділікті Ұлытау облысы мен Түркістан облысының тұрғындары танытып отыр.
Декларацияны тапсырудың соңғы мерзімі — 15 қырқүйек.
Декларация тұрғылықты жері бойынша ұсынылады.