АҚШ-тың жағалау күзетінің хабарлауынша, ер адамның жағдайы жақсы және оның өміріне еш қауіп жоқ. Өкінішке қарай, колумбиялықпен бірге теңізге аттанған тағы 3 адам көз жұмған. Аман қалған теңізшінің түсіндіруінше, олар мінген кеменің қозғалтқышы істен шыққан. Ал өзі балық пен шағаланың етін жеп күнелткен.
02:47, 07 Мамыр 2016
2 айдан астам уақыт ашық теңізде өмір сүрген Колумбия азаматы құтқарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тынық мұхитында 2 айдан астам уақыт ашық теңізде өмір сүрген Колумбия азаматы құтқарылды. 29 жастағы теңізші қазір Гавай аралдарына жеткізілген, деп хабарлады 24.kz.