Әзірге Елеусіновтен басқа екі боксшы ресми бекітілді. Олар - супер ауыр салмақтағы Диллиан Уайт (23-1, 17 КО) - Джозеф Паркер (24-1, 18 КО) айқасы. Дегенмен дүйсенбі күні жария етілетін өзге де боксшылардың есімдері қазірдің өзінде белгілі болып отыр.
Атап айтқанда, IBF және WBA тұжырымдары бойынша чемпион Кэти Тэйлор (9-0, 4 КО) мен оның қарсыласы WBO нұсқасы бойынша чемпион Роза Воланте (13-0, 7 КО) рингке шығатын болады. Сондай-ақ, бұл шоуда жартылай ауыр салмақтағы Джошуа Буатси (6-0, 4 КО) және жартылай орта салмақтағы Конор Бенн (12-0, 9 КО) өнер көрсетеді.
Еске сала кетсек, бұған дейін Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы Келл Бруктың (37-2, 26 КО) қатысуы мүмкін екендігі айтылған еді.
Яғни, бұл нағыз «чемпиондар» кешіне айналуы мүмкін.
Өйткені Тэйлор мен Воланте - қазіргі әлем чемпиондары, ал Брук пен Паркер - жартылай орта салмақта IBF және супер ауыр салмақта WBO чемпиондары атанған.