2 қараша күні Астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 2 қараша күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады. 

Фото: Kazinform

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы болады.

10.00-де «Ақорда» резиденциясында Мажарстан Премьер-министрі В.Орбанның Қазақстанға ресми сапары басталады.

10.00-де ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде «Бұл қалай жұмыс істейді? Телеком саласы туралы білім беру курсы» тақырыбында журналистерге арналған семинар-workshop өтеді.

11.00-де ҚР Әділет министрі Азамат Есқараевтың төрағалығымен өтетін заң шығару қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтеді.

12.00-де «Астана» халықаралық қаржы орталығында ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев базарларды жаңғырту туралы БАҚ үшін брифинг өткізеді.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қоғамдық бақылау туралы» заңның негізгі новеллаларын түсіндіру туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Көрсетілім сілтемесі: https://www.youtube.com/user/ortcomkz https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

14.00-де «Астана» халықаралық мектебінде «Ауыл мектебінің өркендеуі – қоғам игілігінің кепілі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

16:30-да AstanaHub IT-стартаптар технопаркінде ITeachMe инклюзивті жобасының жетінші маусымының финалистерін салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Ғашық жүрек» поэтикалық-музыкалық қойылымы көрсетіледі.