2 қараша күні астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 2 қараша күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де «Sheraton» қонақ үйінде Астана қаласында «Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасын әзірлеу» тақырыбында құқықтық форум өтеді.

11:00-де Назарбаев орталығында Қазақстан мен шет мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі: тарихи мұра және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми дөңгелек үстел отырысы өтеді.

14.00-де Астана қуыршақ театрында «Мультфильмдер еліне саяхат» қойылымы көрсетіледі.

16.00-де Астана қаласы мәслихатының мәжіліс залында Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтеді.

19.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында JAIDARMAN көңілді тапқырлар байқауының финалы өтеді.