2 қарашада ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 2 қарашаға жасалған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1-2 қараша күндері Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың оңтүстік-батысында жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

2 қарашада Петропавл қаласында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, түнде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Алдағы күндері Ақмола облысының солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болатыны болжанып отыр. Батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысып, облыстың оңтүстігі мен солтүстік-шығысында жылдамдығы 15-20, күндіз 23 м/с дейін жетеді.

2 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында кей уақыттарда тұман, көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

2 қарашада Алматы облысының солтүстік-шығысында батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Сол күні Қарағанды облысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күшейеді.

2 қарашада Қарағанды қаласында көктайғақ болуы ықтимал.

2 қараша күні күндіз Қызылорда облысының орталығында оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с дейін жел соғады.

Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысып, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында жел екпіні 15-20, күндіз 23 м/с дейін күшейеді.

Көкшетау қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ болуы ықтимал.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертеңгі уакыта тұман түседі.

Орал қаласында түнде және таңертең тұман болуы ықтимал.