Сағат 11.00-де ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның жылу энергиясымен қамту бойынша реттелетін қызметіне қатысты өтініміне жария тыңдау өткізеді.
17.00-де «Рационалды астық: астық жүктерін тиімді тасымалдауды қалай қамтамасыз етуге болады?» тақырыбында магистральдық сарапшылар форумының жаңа отырысы өтеді. Форумның тікелей көрсетілімі Zhanna Issingarina Translogistics media бизнес парақшасында және Facebook-тегі KUN.KZ платформасында болады.