АСТАНА. KAZINFORM – 2 қыркүйекте Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді. Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2024 жылғы 2 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын», - деп жазылған Өкім мәтінінде.
Бұған дейін Мәжіліс депутаттары Алматы метросында салынып жатқан жаңа стансаның құрылысымен танысқанын жазған болатынбыз.
Эльмира Оралбаева
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. 2023 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.