2 мамыр күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2 мамыр күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым аумағында жауын-шашын жауады. Тек солтүстікте, солтүстік-батыста және оңтүстік-батыста бейсенбі жауын-шашынсыз өтеді. Кей жерлерде тұман, дауыл, бұршақ, батыста шаңды дауыл күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК ақпаратына сәйкес, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің екпіні 15-20 м/с күшеюі ықтимал, бұршақ жаууы мүмкін. 

Алматы, Жамбыл, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының жекелеген аумақтарында желдің күші 18 м/с артады.

Атырау облысының басым бөлігінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл болжанады.

Қарағанды облысының кей жерлерін тұман басып, жел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерде тұман күтіледі.