2 мамыр. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 2 мамырда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

58 жыл бұрын (1964) Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт мемлекеттік концерттік ұйымының директоры РАЙЫМҚҰЛОВА Ақтоты Рахметоллақызы дүниеге келді.

Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының «композиция» және «фортепиано» мамандықтарын (1987), «композиция» мамандығының ассистентурасын (1994) бітірді. Сонымен қатар Халықаралық Бизнес академиясының «Менеджмент» мамандығының магистратурасын (2007) тәмамдаған. DBA (Doctor of Business Administration) ғылыми атағының иегері. 1990-1991 жылдары - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының оқытушысы, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының оқытушысы. 1991-1994 жылдары - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында ассистентура-стажер. 1995-2011 жылдары - Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясында «Дирижерлау» кафедрасының меңгерушісі, оқытушы, ректор көмекшісі, доцент, профессор м. а., әлеуметтік-экономиканы ұйымдастыру жөніндегі проректоры, 2003-2007 жылдары - Алматы мемлекеттік консерваториясында «Композиция және оркестрлік дирижерлау» кафедрасының меңгерушісі (қосымша). 2007-2008 жылдары - Алматы Мемлекеттік консерваториясында «Композитор және арт-менеджмент» кафедрасының меңгерушісі (қосымша). 2013-2014 жылдары - Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясында Ғылыми-шығармашылық істері жөніндегі проректоры. 2014 жылғы маусым-қараша - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері комитеті төрағасы орынбасарының м.а. 2014-2016 жылдары - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры. 2016-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі. Қазіргі қызметінде – 2019-2022 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрі.

2022 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.

57 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ермек Беделбайұлы КӨШЕРБАЕВ дүниеге келді.

1988 жылы C.Киров атындағы Қазақ Ұлттық университетін шет тілінде оқытатын тарихшы мамандығы бойынша бітірді. 1993 жылы КСРО Дипломатиялық академиясын халықаралық қатынастар және сыртқы саясат мамандығы бойынша аяқтады. 1988-1991 жылдары - ҚазКСР Сыртқы істер министрлігінің құпия іс қағаздарын жүргізу бойынша аға инспекторы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы, Сыртқы істер министрінің көмекшісі. 1993-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол басқармасының бірінші хатшысы, бөлім меңгерушісі. 1994-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының Халықаралық бөлімінің консультанты, Президент Аппараты Протокол қызметі басшысының міндетін атқарушы. 1996-1997 жылдары - Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің бірінші хатшысы. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министірлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің Азиялық қауіпсіздік бөлімнің басшысы. 2000-2001 жылдары - «ҚазТрансОйл ҰК» ЖАҚ-ның президент аппаратының басшысы. 2001-2003 жылдары - аппарат басшысы, бірінші вице-президент кеңесшісі, «ҚазМұнайГаз ҰК» ЖАҚ президент аппаратының басшысы, 2004-2005 жылдары «ҚазМұнайГаз ҰК» президентінің аппарат басшысы. 2006-2007 жылдары - «Отан Республикалық саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің орталық аппарат басшысы. 2007-2008 жылдары - «KazEnergy Қазақстандық мұнайгаз және энергетикалық ұйымдар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры. 2009-2010 жылдары - «Ертіс әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы. 2010-2014 жылдары - ШҚО әкімінің бірінші орынбасары. 2014-2016 жылдары - Ауыл шаруашылығы вице-министрі. 2016-2018 жылдары - Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы. 2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы болған. 2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарды.

2020 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде.

49 жыл бұрын (1973) Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Есқабылұлы НҰРЛЫБАЕВ дүниеге келді.

Атырау облысы Қызылқоға ауданының Мұқыр ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын «инженер-механик», Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін «экономист» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1995 жылы Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатында аға референт ретінде бастаған. 1996-1997 жылдары Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы «Мұқыр» акционерлік қоғамында жөндеуші-техник болып жұмыс істеген. 1999 жылы Қызылқоға ауданының Мұқыр селолық округі әкімінің аппаратына маман болып кіріп, Қызылқоға ауданы Мұқыр селолық округінің әкімі, Қызылқоға ауданының коммуналдық меншік, көріктендіру, құрылыс және тұрғын-үй шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. Одан кейін Құрманғазы ауданының Шортанбай селолық округінің әкімі, Құрманғазы аудандық ішкі саясат бөлімінің одан соң аталған ауданның жер қатынастары бөлімінің басшысы, сондай-ақ Мақаш селолық округінің әкімі болып жұмыс істеді. 2008-2012 жылдары Индер ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2012-2019 жылдары аталған аудан әкімінің орынбасары болды. 2019-2021 жылдары Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымында жұмыс істеген.

2021 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде.

43 жыл бұрын (1979) ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты басшысының орынбасары ҚАЛЯНБЕКОВ Болат Серікұлы дүниеге келді.

Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша және Қарағанды экономикалық университетін «құқықтану-экономика саласындағы құқықтық реттеу» мамандығы бойынша тәмамдаған. Көп жылдар бойы Мәдениет және ақпарат министрлігінде бөлім бастығы, Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы қызметін атқарған. Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінде инспектор және сектор меңгерушісі болды. Қарағанды қаласындағы Ішкі саясат департаменті және Ақпарат басқармасында қызмет атқарды. Сондай-ақ, Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінде жастар саясаты мәселелерімен де айналысты. 2014-2019 жылдары ҚР Жоғарғы соты жанындағы сот қызметін қамтамасыз ету департаменті ақпараттық қамсыздандыру бөлімінің меңгерушісі болды. «Алматы» телеарнасының бас директоры (02.2019-07.2019). Қазіргі қызметінде – 2019-2022 жылдары Nur Media холдингінің бас директоры.

2022 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі қызметінде.

41 жыл бұрын (1981) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі-министр кеңесшісі Нұрділда Серікұлы ОРАЗ дүниеге келді.

Қызылорда облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, ҚР ІІМ Қарағанды академиясын бітірген. Еңбек жолын Алматыдағы «ЮСА» телеарнасының тілшісі болып бастаған. «31 арна» телеарнасы «Информбюро» жаңалықтар бөлімінің жүргізушісі, «Астана» телеарнасының редактор-жүргізушісі, репортер-сарапшысы, «Қазақстан» ұлттық арнасының жаңалықтар жүргізушісі, «Апта.kz» бағдарламасының жүргізуші-редакторы болған. 2007 жылы ішкі істер органына ауысып, Астана қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің бастығы, мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы, департамент бастығының баспасөз хатшысы қызметтерін атқарды. 2011-2015 жылдары - ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры, министрдің баспасөз хатшысы, кейіннен ресми өкілі болды. 2015 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-та білім алды. 2016 жылы ҚР Бас прокуратурасы Аппарат басшысының орынбасары болды. 2016-2019 жылдары «ОРТ-Евразия» телеарнасы бас директорының орынбасары қызметін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2019 жылдың ақпанынан.