ЕСІМДЕР
Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының «композиция» және «фортепиано» мамандықтарын (1987), «композиция» мамандығының ассистентурасын (1994) бітірді.
Сонымен қатар Халықаралық Бизнес академиясының «Менеджмент» мамандығының магистратурасын (2007) тәмамдаған.
DBA (Doctor of Business Administration) ғылыми атағының иегері.
1990-1991 жылдары - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының оқытушысы, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының оқытушысы.
1991-1994 жылдары - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында ассистентура-стажер.
1995-2011 жылдары - Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясында «Дирижерлау» кафедрасының меңгерушісі, оқытушы, ректор көмекшісі, доцент, профессор м. а., әлеуметтік-экономиканы ұйымдастыру жөніндегі проректоры.
2003-2007 жылдары - Алматы мемлекеттік консерваториясында «Композиция және оркестрлік дирижерлау» кафедрасының меңгерушісі (қосымша).
2007-2008 жылдары - Алматы Мемлекеттік консерваториясында «Композитор және арт-менеджмент» кафедрасының меңгерушісі (қосымша).
2013-2014 жылдары - Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясында Ғылыми-шығармашылық істері жөніндегі проректоры.
2014 жылғы маусым-қараша - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері комитеті төрағасы орынбасарының м.а.
2014-2016 жылдары - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры.
2016-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі. Қазіргі қызметінде – 2019-2022 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрі.
2022 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.
1988 жылы C.Киров атындағы Қазақ Ұлттық университетін шет тілінде оқытатын тарихшы мамандығы бойынша бітірді.
1993 жылы КСРО Дипломатиялық академиясын халықаралық қатынастар және сыртқы саясат мамандығы бойынша аяқтады.
1988-1991 жылдары - ҚазКСР Сыртқы істер министрлігінің құпия іс қағаздарын жүргізу бойынша аға инспекторы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы, Сыртқы істер министрінің көмекшісі.
1993-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол басқармасының бірінші хатшысы, бөлім меңгерушісі.
1994-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының Халықаралық бөлімінің консультанты, Президент Аппараты Протокол қызметі басшысының міндетін атқарушы.
1996-1997 жылдары - Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің бірінші хатшысы.
1997 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министірлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің Азиялық қауіпсіздік бөлімнің басшысы.
2000-2001 жылдары - «ҚазТрансОйл ҰК» ЖАҚ-ның президент аппаратының басшысы.
2001-2003 жылдары - аппарат басшысы, бірінші вице-президент кеңесшісі, «ҚазМұнайГаз ҰК» ЖАҚ президент аппаратының басшысы, 2004-2005 жылдары «ҚазМұнайГаз ҰК» президентінің аппарат басшысы.
2006-2007 жылдары - «Отан Республикалық саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің орталық аппарат басшысы.
2007-2008 жылдары - «KazEnergy Қазақстандық мұнайгаз және энергетикалық ұйымдар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры.
2009-2010 жылдары - «Ертіс әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы.
2010-2014 жылдары - ШҚО әкімінің бірінші орынбасары.
2014-2016 жылдары - Ауыл шаруашылығы вице-министрі.
2016-2018 жылдары - Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы.
2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы болған.
2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарды.
2020 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде.
Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша және Қарағанды экономикалық университетін «құқықтану-экономика саласындағы құқықтық реттеу» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Көп жылдар бойы Мәдениет және ақпарат министрлігінде бөлім бастығы, Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы қызметін атқарған.
Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінде инспектор және сектор меңгерушісі болды. Қарағанды қаласындағы Ішкі саясат департаменті және Ақпарат басқармасында қызмет атқарды.
Сондай-ақ, Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінде жастар саясаты мәселелерімен де айналысты. 2014-2019 жылдары ҚР Жоғарғы соты жанындағы сот қызметін қамтамасыз ету департаменті ақпараттық қамсыздандыру бөлімінің меңгерушісі болды.
«Алматы» телеарнасының бас директоры (02.2019-07.2019).
2019-2022 жылдары - Nur Media холдингінің бас директоры.
2022 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі қызметінде.
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Прокуратура органдарындағы қызметін 2001 жылы Қостанай қаласы прокурорының көмекшісі міндетін атқарушы лауазымынан бастады.
Содан кейін Қостанай қаласы прокурорының көмекшісі, прокурордың аға көмекшісі болып жұмыс істеді.
Одан әрі үш жыл бойы Қостанай облысының прокуратурасында қызмет атқарды.
2006 жылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау департаментінің экономика саласындағы заңдылықты қадағалау басқармасының бөлім прокуроры, меншік және кәсіпкерлікті қорғау туралы заңдардың қолданылуын қадағалау бөлімінің аға прокуроры лауазымдарында қызмет атқарды.
2009-2011 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау Департаментінде табиғат қорғау заңнамасының қолданылуын қадағалау бөлімінің бастығы болды.
2011-2014 жылдары Бас көлік прокуратурасында әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.
2016-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау департаменті бастығының орынбасары - экономика саласындағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы, 2017-2021 жылдары Қарағанды облысы прокурорының орынбасары.
Қазіргі қызметінде – 2021 жылдың сәуірінен.
Өскемен қаласында туған. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Л. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтын, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Лидс университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің пайдалану басқармасы сарапшысының м. а. болып бастады.
2009-2014 жылдары — ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымында әртүрлі қызметтер атқарған. 2014-2016 жылдары — ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің сарапшысы.
2016-2018 жылдары — Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бөлімінің басшысы.
2018-2020 жылдары — Павлодар облысының Кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары.
2020-2021 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2021-2022 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы.
Қазіргі қызметінде – 2022 жылдың шілдесінен.