2015 жылы Рональдиньоға ағасымен бірге тыйым салынған жерде қойма және балық аулау платформасының заңсыз құрылысын жүргізгені үшін айыппұл салынды. Қазіргі кезде айыппұл көлемі 8,5 миллионнан астам бразилиялық реалды (2 миллион еуро) құрап отыр.
Рональдиньо мен ағасы айыппұлды төлемегендіктен, сот олардың төлқұжаттарын алып, шоттарын тексеру шешімін қабылдады.