«Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облыстық департаментінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол өз орынбасарынан осы лауазымға тағайындауға жәрдем көрсеткені үшін 2 млн теңге сомасында пара алу күдігіне ілінді», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бекайдаров онлайн баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, Тараз қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолданған.