деп хабарлады astana.kz сайтына Астана қаласы жастар саясаты басқармасынан.
Отрядтың басты мақсаты - студенттердің материалдық және әлеуметтік мәселелерін, жастарды жұмыспен қамту проблемаларын шешу болып табылады. Ведомствоның хабарлауынша, «биылдан бастап жалақы көтеріліп, 90-120 000 теңгені құрайды».
Қазіргі уақытта СҚО жұмысына 2 мыңға жуық студент тартылды, олар «Базис» құрылыс компаниясында, «ҚазАтомӨнеркәсіп» АҚ дене шынықтыру-сауықтыру орталығында, «Темір бетон өнімдер» цехында, «АБК» қоймасында және көптеген басқа да нысандарда еңбек етуде. Мысалы, «Хилтон» жаңа бес жұлдызды қонақүйді салуға кәсіби мамандармен бірге студенттік құрылыс отряды өкілдері де атсалысып жатыр.
«Биыл құрылыс отрядтарының жұмысы қараша айына дейін жалғасады», - делінген ақпаратта.