Бұл туралы бүгін «Әлеуметтік қорғаудан - әлеуметтік өрлеуге» атты 3-ші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.
«Бүгінгі таңда Бірығай жинақтаушы зейнетақы қорымен 2 мыңнан астам кәсіпорын келісімшарт жасасып, 150 мыңнан астам жұмысшының жеке зейнетақы есепшоттарына 2,5 млрд. теңге аударылды», - деді министр.
Оның атап өтуінше, зейнетақы жинақтарының артуын қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың қаңтарынан бастап, баласы 1 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты еңбек демалысына шыққан жұмыс істейтін әйелдерге міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау енгізілді.
«Қазіргі уақытта 84 мыңнан астам әйел осы құқықтарын пайдаланып, олардың есепшоттарына республикалық бюджеттен 1 миллиардтан астам теңге аударылды», - деді Т.Дүйсенова.