«Дәрігердің, оның ішінде хирургтің жұмысы психологиялық, физикалық күшті, төзімділікті талап етеді. Мысалы, адам тағдыры қыл үстінде тұрған кезде хирургке оны құтқарып қалу үшін 8-10 сағаттық ота жасауға тура келеді», - дейді Бас әскери клиникалық госпиталь бастығының ғылыми-хирургиялық қызмет жөніндегі орынбасары, жетекші хирург, подполковник Ержан Смайыл.
Әскери хирургтардың жұмысы бір ғана қаламен шектеліп қалмайды, қажет болған жағдайда бригадалар Қазақстанның ең қашық деген өңіріне де баруға дайын.
«Бірде біз жедел шақырумен батысқа бардық. Сол жерге жеткенде бір адам үшін тұтас бір дәрігерлік бригаданың осынша қашықтықтан ұшып келгеніне таң қалған болатын. Нәтижесінде, біз сол жерде екі ота жасадық. Сосын пациентті Астанаға жеткіздік. Сол жерде тағы бір пациентке екі күрделі ота жасап, біз оның өмірін сақтап қалдық», - дейді Ержан Смайыл. Осы оқиғадан соң ол «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен наградталды.
Әскери дәрігердің қызмет жылдарында бұл сияқты оқиғалар аз кездескен жоқ. Ержан Смайыл әскери дәрігерлердің жұмысы, ең алдымен, Отан қорғаушыларына арналғанын айтады. «Егер бақытсыз жағдай орын ала қалса, олар әскери дәрігерлердің көмекке келетініне, құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынына сенімді болулары керек»,-дейді Бас әскери клиникалық госпиталь бастығының ғылыми-хирургиялық қызмет жөніндегі орынбасары.