2 наурызда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
19:20, 01 Наурыз 2020
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» ХАА 2 наурызда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН
11.00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында коронавирустық инфекцияның алдын алу, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында БАҚ-қа арналған брифинг өтеді.
14.00-де «Асыл бала» қоғамдық қоры «UMC» корпоративті қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына Беларусь Республикасында шығарылған медициналық жабдықты, рентген-хирургиялық үстелін салтанатты түрде табыстайды.
АЛМАТЫ
15.30-да БҰҰ ғимаратында Біріккен ұлттар ұйымының 75 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтеді.