2 облыста республикалық маңызы бар автожолдар жабылды

Фото: Фото: pixabay.com

АСТАНА. KAZINFORM – 26 қаңтар сағат 17.00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді. Бұл туралы KazAvtoJol жазды.

Жетісу облысында – 1 учаске
1. «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма станциясынан Достық станциясына дейінгі аралық – 100 км.

Қарағанды облысында – 2 учаске
1. «Екатеринбург-Алматы» 1446-1459 км, Теміртау қ.-Қарағанды қ. – 13 км.
2. «Екатеринбург-Алматы» 1426-1446 км, Теміртау ААП-Теміртау қ.– 20 км.

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 799 бірлік техника және 1307 жолшы жұмылдырылды.