14 мамырда Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында қар аралас жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды, дауыл соғып, бұршақ түсуі мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді. 14-15 мамырда түнде 1-6 градус үсік жүруі мүмкін.
15-16 мамырда түнде Қостанай облысының кей жерлерінде 3 градус үсік жүреді.
14 мамырда күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлеріне найзағай түсіп, дауыл соғады және бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді. 15-16 мамырда түнде 1-6 градус үсік жүреді.
14-15 мамыр аралығында Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады және бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді. 14-16 мамыр күндері түнде 1-6 градус үсік жүруі ықтимал.
Ал, елордада 14 мамырда найзағай ойнап, дауыл соғады және бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін. 15-16 мамырда түнде 1-3 градус үсік жүреді. Дауылдың ықтималдылығы 90-95 %.