Қазақстанның басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Тек солтүстікте, қиыр солтүстік-батыста және елдің оңтүстігінің таулы аймақтарына өтіп жатқан циклон әсер етеді. Осыған байланысты жаңбыр мен қар жауады.
Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.
Қостанай облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында жел екпіні - 15-20 м/с, шаңды дауыл соғады.
Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде тұман, күндіз солтүстік-батыста, оңтүстікте жел қарқыны 16 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде көктайғақ, облыстың батысында тұман, желдің күші 15-20 м/с төңірегінде болады.
Ақмола облысының солтүстігінде түнде және таңертең көктайғақ болады. Облыстың оңтүстік-батысында, шығысында тұман түседі, солтүстігінде, батысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел тұрады.
Алматы облысының Алакөл көлдерінде жел екпіні 17-22 м/с дейін күшейеді.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында тұман түседі, түнде оңтүстік-шығыста жел қарқыны - 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында тұман түседі.
Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Атырау облысының батысында тұман болады.