2 сәуірде елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 2 сәуір күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.30-да №88 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен «Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күніне» орай «Ерекше балаларға – ерекше көзқарас» тақырыбында қалалық конференция өтеді.

11.00-де №5 балалар кітапханасында халықаралық балалар кітабы күніне орай «Кітаппен әлем мейірімді және жарқын» атты кітап оқу шарасы өтеді.

12.00-де «AMANAT» партиясының орталық аппаратында «Болашақ» корпоративтік қоры «Аutism Talks: ерекше балалы ата-аналардың шабыттандырар әңгімелері» атты ерекше балалы ата-аналардың мотивациялық кездесуін өткізеді.

14.30-да М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінде ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі – Бағдат Мусинмен кездесу өтеді.