2 сәуірде Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 2 сәуірде Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу жасайды.

АСТАНА

Сағат 11:00-де Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы және «DAR Play» компаниясы түсірген «Әміре» көркем фильмінің премьерасына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 11:00-де Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері Д.Назарбаеваның басшылығымен ЖЭО-2-ге барады.

Сағат 12:20-да Орталық коммуникациялар қызметінде Астана қаласының 20 жылдығын тойлау аясында өтетін Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Жұлдызай» республикалық фестивалі мен спартакиаданың басталуына байланысты баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 13:00-де №1 Перинатальдық орталықта «Преэклампсия скринингі» пилоттық жобасы басталады.

Сағат 15:00-де Астананың Н.Назарбаев атындағы халықаралық әуежайындағы VIP-терминалда «Боинг 737 MAX 8» жаңа ұшағының келуіне орай үкімет, Қазақстанның авиациялық құрылымдар мен профильдік министрлік басшыларының, сонымен қатар халықаралық авиациялық құрылымдар өкілдерінің қатысуымен  іс-шара өткізіледі.

Сағат 16:20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Еуроодақ - Қазақстан: серіктестік пен ынтымақтастықтың 25 жылдығы» журналистерге арналған конкурсына байланысты баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 19.00-де «Kinopark 8 IMAX Saryarka» кинотеатрында «Әміре» фильмінің тұсаукесері өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 12:00-де Бүкіләлемдік аутизм мәселелері туралы ақпараттандыру күніне арналған іс-шара өтеді.

Сағат 15:00-де «Қайрат» футзал клубының спорт кешенінің баспасөз орталығында  алматылық команданың жаңа бас жаттықтырушы Пауло Рикардо Фигейиро Силвамен (Кака) (Бразилия) келісімшартқа қол қою рәсімі өтеді.

Сағат 16.00-де «Alma U» университететінде Бүкіләлемдік аутизм мәселелері туралы ақпараттандыру күніне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.