Сондай-ақ күн күркірейді, көктайғақ, шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды ҚР ТЖМ «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.
Тек шығыс пен оңтүстік батыста жауын-шашынсыз. Ақмола, Ақтөбе,Солтүстік Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді деп күтілуде. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде - тұман, күн күркіреп, секундына 15-21 метр жылдамдықпен жел тұрады.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі, жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін көтеріледі.
Шығыс Қазақстан, облысында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетіп, шаң көтеріледі.
Алматы облысында да жел екпіні секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал. Ал Жалаңашкөл аумағында желдің жылдамдығы 18-23 м/с-қа дейін барады. Павлодар облысында кей жерлерде 15-20 м/с. жел соғады.