2 сәуірде елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық

Видеодан алынған скрин

АЛМАТЫ. KAZINFORM – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

2026 жылғы 2 сәуір сағат 08:00-дегі жағдай бойынша, Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 5-83-шақырым аралығында (Қарабұтақ кенті – Т.Жүргенов ауылы учаскесі) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашылды.

Жабық жолдар

Солтүстік Қазақстан облысы

• Күннің күрт жылынуы мен қардың қарқынды еруіне байланысты «Тимирязево – Сарыкөл – Қостанай облысының шекарасы» автожолының 0-30-шақырымы аралығында (Тимирязево ауылы – Қостанай облысының шекарасы) қозғалыс шектелді.

Павлодар облысы

• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – Ресей шекарасы» автожолында (Қалқаман жол айрығы – Қалқаман кентіне кіреберіс және Астана бағытына шығу) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қостанай облысы

• Желқуар өзенінде су тасуына байланысты (ені – 70 м, биіктігі – 20 см), «Мариновка ауылына кіреберіс» автожолының 0-9 шақырым аралығында барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізілді.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 2-4 сәуір аралығындағы ауа райына болжам ұсынған еді.