2 шілде, С ӘР СЕНБІ
Дипломатиялық қызмет күні. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2009 жылғы шілденің 1-індегі «1998 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» Жарлығына сәйкес атап өтіледі.
Спорт журналистерінің халықаралық күні. Халықаралық спорт баспасөзі қауымдастығының бастамасымен 1995 жылдан бастап аталып өтіледі.
Украинаның салық қызметі қызметкерлерінің күні. Салық қызметі Украин КСР Министрлер Кеңесінің 1990 жылы ақпанның 12-індегі «Украин КСР-інде мемлекеттік салық қызметін құру туралы» қаулысына сәйкес құрылған болатын. 2005 жылы қазанның 24-інде Украина президенті «Украинаның мемлекеттік салық қызметі қызметкерлерінің күні туралы» Жарлыққа қол қойды. Жарлыққа сәйкес жыл сайын шілденің 2-інде Украинаның салықшылары кәсіби мерекелерін атап өтеді.
Норвегияның Мемлекеттік мейрамы - Король күні. Қазақстан мен Норвегия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы маусымның 6-ында орнатылды.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
24 жыл бұрын (1990) Өскемен қаласында Салық комитеті құрылды.
20 жыл бұрын (1994) С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Баянтау» демалыс үйі ашылды. Демалыс үйі Баянауыл ұлттық паркіндегі Сабындыкөл өзенінің жағалауында орналасқан.
1 8 жыл бұрын (1996) Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар» туралы Заңы қабылданды.
1 6 жыл бұрын (1998) Қазақстан Республикасының «Жемқорлықпен күрес туралы» Заңы қабылданды.
1 5 жыл бұрын (1999) Астрахан қаласынан бұрғылау баржасы суға түсірілді. Бұл шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ақын Фариза Оңғарсынова қатысып, бұрғылау баржасына «Сұңқар» есімін берді. Баржа ұзындығы - 85 метр, ені - 53, бұрғылау мұнарасын қоса есептегендегі биіктігі - 50, салмағы - 10000 тонна. Сұңқардың бірінші бұрғылау жұмыстары Шығыс Қашағаннан бастау алды.
1 1 жыл бұрын (2003) ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымының құқықтық мәртебесі туралы келісімді бекіту туралы» Заңға қол қойды.
1 1 жыл бұрын (2003) ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы Каспий теңізі түбін екі ел арасындағы межелеу туралы Келісімді және осы келісімге хаттаманы бекіту туралы» Заңға қол қойды.
7 жыл бұрын (2007) Астанада Есіл өзені арқылы өтетін М-2 автокөлік көпірі ашылды. Көпірдің салтанатты ашылу рәсіміне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Көпірдің ұзындығы - 362 метр, ені - 38,7 метр.
7 жыл бұрын (2007) Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласының полицейлері өздерінің мұражайын ашты.
Онда тарихи материалдар қойылған: аудан полициясының бұрынғы қызметкерлердің сақтап қоюға тапсырған құжаттары, фотосуреттері және альбомдары.
5 жыл бұрын (2009) Астанада өткен Экономика және өнеркәсіп салаларындағы ықпалдастық бойынша қазақстандық-испандық үкіметаралық аралас комиссиясының кезекті IV отырысында Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындағы бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылды.
Қол қойылған құжаттар:
- Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасында Стратегиялық әріптестік туралы келісімшарт;
- Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі Үкіметтері арасында Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция;
- Испания мен Қазақстан арасында 2009-2011 жылдар кезеңіне арналған Білім, ғылым, мәдениет, жастар және спорт саласындағы ынтымақтастық бағдарламасы;
- Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Испания Корольдігінің Өнеркәсіп, туризм және сауда министрлігі арасында туризм саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум.
5 жыл бұрын (2009) Орал қаласындағы Достық даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысында Журналистер аллеясы ашылды.
3 жыл бұрын (2011) Бейбітшілік және келісім сарайында әлемде жалғыз экшн жанрындағы кино фестивалінің тұсауы кесілді. Бұл кинофестивальдің негізін салушы және президенті - танымал режиссер, продюссер Тимур бекмамбетов. Бас директоры - Ирен Ванидовская.
515 жыл бұрын (1499) Америго Веспуччи Амазонка сағасын ашты.
460 жыл бұрын (1554) Грозный патша кезінде Астрахан хандығы Ресейге қосылды.
31 6 жыл бұрын (1698) Томас Сейвери әлемдегі ең алғашқы бу машинасына патент алды.
15 4 жыл бұрын (1860) Владивосток портты қаласының негізі қаланды.
11 4 жыл бұрын (1900) Парижде ІІ Олимпиада ойындары ашылды.
8 8 жыл бұрын (1926) Ташкенттегі халық ағарту институты Ташкент Қазақ педагогикалық институты болып қайта құрылды.
60 жыл бұрын (1954) Еуропа елдеріндегі теле ұйымдар арасында бағдарламалар алмасуды реттеу мақсатында Еуропалық радиохабарлар тарату одағының шеңберінде құрылған Халықаралық телеарна ұйымы (Евровидение) жұмыс істей бастады.
50 жыл бұрын (1964) АҚШ-та қоғамдық орындарда, оқу орындарында және сайлау кезінде нәсілдік және діни наным-сенімі бойынша қысымшылық көрсетуге тыйым салған азаматтық құқық туралы заң күшіне енді.
3 8 жыл бұрын (1976) Оңтүстік Вьетнам мен Солтүстік Вьетам бірігіп, Вьетнам біртұтас социалистік мемлекет болып жарияланды.
2 4 жыл бұрын (1990) КОКП-ның партия тарихындағы соңғы XXVIII съезі өз жұмысын бастады ЕСІМДЕР
10 9 жыл бұрын (1905-1988) эпизоотолог, малдәрігерлік ғылымдарының докторы, профессор ГРЯЗИН Владимир Иванович дүниеге келді.
Петропавл қаласында туған. Сібір (қазіргі Омбы) малдәрігерлік институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
Қазақ малдәрігерлік ғылыми-зерттеу институтының зертхана меңгерушісі болған.
Негізгі ғылыми еңбектері эпизоотология мәселелеріне арналған. Ол ірі қараның алаөкпе, туберкулез, паратуберкулез ауруларын анықтау, олардан сақтандыру мәселелерін зерттеген.
100-ден астам ғылыми мақаланың және 8 монографияның авторы. Сонымен қатар 26 ғылым кандидатын даярлаған.
2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
7 8 жыл бұрын (1936-2013) Жұмат Шанин атындағы Қазақ драма театрының әртісі, Қазақстан Республикасының халық әртісі, "Парасат" орденiнiң иегерi, Сайрам ауданының және Шымкент қаласының құрметті азаматы болған ҚАЛМЫРЗАЕВ Ақсақал дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында туған. Ташкент қаласындағы Орта Азиялық Александр Островский атындағы мемлекеттік театр өнері институтын (қазіргі Маннон Уйгур атындағы Ташкент мемлекеттік өнер иституты) бітірген.
Ол ұлттық және шетел, орыс драматургтерінің шығармаларында ойнаған. Шыңғыс Айтматовтың «Жәмиласындағы» - Данияр, Ғабит Мүсіреповтің «Қыз Жібегіндегі» - Төлеген, «Ақан сері - Ақтоқтысында» - Мұрат, Жалмұқан, Мылқау, Мұхтар Әуезовтің «Айман - Шолпанында» - Әлібек, Арыстанды, «Абайындағы» - Айдар, Сағыр Камаловтың «Ер Тарғынындағы» - Ер Тарғын, Загир Исмагиловтың «Құдашасындағы» - Жаппар, Ғаджибек Ғаджибековтың «Аршин мал аланындағы» - Әскер, Бейімбет Майлиннің «Жалбырындағы» - Сүгір, Бекен, «Шұғасындағы» - Әбіш, т.б. тұлғаларды сомдады. Ол осы секілді 200-ден астам образдарды сахна төрінде ойнаған.
«Парасат» орденімен, екі мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, «Үздік еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
2013 жылы 80-ге қараған шағында тамылжыған тамыздың басында ол дүниеден озды. 2013 жылы 20 қыркүйекте Шымкент қаласында әртістің қырқы берілді.
7 6 жыл бұрын (1938) Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі , ҚР білім беру саласының Құрметті қызметкері Таңатар Қоңырұлы НҰРАЛЫ дүниеге келген.
Орал облысы Теректі ауданының Ұзынкөл кентінде туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының оркестр факультетін оркестр әртісі, оқытушы мамандығы бойынша; Гнесиндер атындағы Мемлекеттік музыкалық-педагогикалық институтты концерттік орындаушы мамандығы бойынша бітірген. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры. «Музыкалық шығармаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқамалар» (1984), «Гобойға арналған гаммаларды зерттеу бойынша көмекші құрал» (1991), «Гобойға арналған таяқшаларды жасау бойынша нүсқаулық» (1994), «Балалар музыкалық мектебінде гобойда ойнаудың бастапқы сабақтары» (1994), «Портреттерге штрихтар» (2008) кітаптарының авторы. 1959 жылдан - Жамбыл атындағы филармонияның Мемлекеттік симфониялық оркестрінің әртісі. 1967 жылдан бері - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы. «Жұмыстағы үздік табыстары үшін» белгісімен марапатталған.
7 4 жыл бұрын (1940) ғалым, фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор, Денсаулық сақтау ісінің үздігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы консультативтік кеңестің мүшесі ҮШБАЕВ Кеңесбай Үшбайұлы дүниеге келді.
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын (С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті), Львов мемлекеттік медицина институтының аспирантурасын бітірген.
Қазақтың бас дәріхана басқарма бастығының орынбасары, бастығы, Алматы мемлекеттік медицина институтының оқу ісі жөніндегі проректоры, кафедра меңгерушісі, Шымкент бөлімшесінің ректоры, Шымкент фармацевтикалық институтының ректоры, «Фармация» мемлекеттік холдингтік бірлестігінің бас директоры, президенті қызметтерін атқарған. Қазіргі уақытта «Компания фармация» ЖШС-ның директоры, мемлекеттік ғылыми-ақпараттық «Фармацевтический бюллетень» атты журналының бас редакторы.
Негізгі ғылыми-тәжірибелік еңбектері спазмолитикалық әсері бар дәрі-дәрмектерді фармациялық, химиялық және токсикологиялық тұрғыдан зерттеуді ұйымдастыру мәселелеріне арналған. Оның басшылығымен 28 кандидаттық және 3 докторлық диссертация қорғалған. 150-ден астам ғылыми еңбектің және 7 монография мен анықтамалықтың авторы.
7 2 жыл бұрын (1942) Қазақстанның және Қырғызстанның халық ақыны ШАХАНОВ Мұхтар дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Шілік ауылында туған. Жеті жылдық мектепті бітірген соң, трактордың тіркеушісі, облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде корректор, әдеби қызметкер, «Лениншіл жас» газетінде оңтүстік облыстар бойынша меншікті тілші, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, республикалық «Жалын» журналының бас редакторы, т.б. қызметтер атқарды. КСРО халық депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, ҚР Халық депутаты болды. 1993-2003 жж. Қазақстан Республикасының Қырғыз республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінде болды. 2003-2004 жж. «Жалын» журналының бас редакторы, әлем ойшылдарының басын біріктіретін «ХХІ ғасыр және Руханият» атты халықаралық элита клубының Президенті. 2004 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Көптеген өлең кітаптарының және халық арасына кең тараған бірқатар әндердің авторы. Балладалары мен поэмалары дүние жүзі халықтарының 20-дан астам тілдеріне аударылған. «Махаббат заңы», «Сенім патшалығы», «Сократты еске алу түні» атты драмалары республикамызда және шетел театрларында қойылған. Ш.Айтматовпен бірлесіп жазған «Құз басындағы аңшының зары» атты эссе кітабы мен «Сократты еске алу түні» драмасы көптеген тілдерге аударылған. «Шыңғыс ханның пенделік құпиясы» драмалық туындысы негізінде Украинаның Довженко атындағы киностудиясы екі сериялы телефильм шығарды. «Уақыт бедерлері», «Зерде кітабы» атты жинақтары орыс тілінде шықты. Қырғыз Республикасының Халық ақыны (1994), Қазақстан Республикасының Халық жазушысы (1996), БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасы сыйлығының, Қазақстан және Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлықтарының, Түрік Республикасының «Түрік дүниесіне қызметі үшін» халықаралық сыйлығының және Қырғыз Республикасы халықаралық «Руханият», түрік дүниесі жазушылар бірлестігінің «Шахрияр», ЮНЕСКО-ның «Боорукер» клубы сыйлықтарының иегері. 2002 жылы «Жазагер жады космоформуласы» шығармасы үшін Калифорния Ғылым, индустрия, білім және өнер академиясының А.Эйнштейн атындағы алтын медалі, Түркияның Гебзе қаласында «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» сыйлығы берілген. «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.
6 6 жыл бұрын (1948-2013) «Қазинпресс» қауымдастығы басқармасының төрағасы, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты ДИЛЬДЯЕВ Григорий Григорьевич дүниеге келді.
Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. «Казахстанская правда» газетінің әдеби қызметкері, меншікті тілшісі, бөлім меңгерушісі болған. 1985-1991 жылдары - «Правда» газетінің тілшісі, тілшілер пунктінің меңгерушісі. 1991-1994 жылдары - «Азия» газетінің бас редакторы. 1994-1997 жылдары - «Казахстанская правда» газетінің бас редакторы. 1995-1999 жылдары «Азия - Экономика және өмір» газетінің бас редакторы болған.
2013 жылы қаңтардың 2-і күні танымал журналисттің жүрегі сыр беріп, өмірден озды.
5 7 жыл бұрын (1957) ҚР Еңбек сіңірген әртісі БОЛТАЕВА Хайна Әділбекқызы дүниеге келген. Шығыс Қазақстан облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының оркестрлік факультеті халық бөлімін «қобыз», оның ішінде концерттік орындаушы, оқытушы, мамандығы бойынша бітірген.1979 жылдан - Құрманғазы атындағы Қазақ академиялық оркестрінің әртісі. 1995 жылдан - «Салтанат» Мемлекеттік би ансамблінің әртісі.1996 жылдан бері - К. Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрінің әртісі.Аспапшылардың Құрманғазы атындағы I Республикалық конкурсының лауреаты.
54 жыл бұрын (1960), Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы экономика ғылымдарының докторы ЖАҢБЫРШИН Қозы-Көрпеш Есімұлы дүниеге келді.
Ақтөбе облысында туған. Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын және оның аспирантурасын бітірген.
Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Басқару процесінің автоматтандырылған жүйесі ғылыми-зерттеу институтының инженері, Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті Ғылым мен техника бөлімінің инженері, Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті Басқару және басшылықтың экономикалық әдістемелерін жетілдіру бөлімінің аға ғылыми қызметкері, Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Экономикалық ғылыми-зерттеулер инситутының аға ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы Экономика жөніндегі мемлекеттік комитеті экономикалық реформалар, нарықтық қатынастар мен кәсіпкерлікті дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің экономикалық консультанттар кеңесінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық кеңесшісі, Еуропалық қоғамдастық комиссиясының Қазақстандағы Үйлестіру бюросының ұлттық директоры, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы экономикалық консультанттар кеңесі жетекшісінің орынбасары, «ТАСИС» бағдарламасының Қазақстандағы Үйлестіру бюросының директоры, Алматы қаласы экономика жөніндегі комитетінің төрағасы, Алматы қаласы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 2009 жылдың қыркүйегінен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі болды. Қазіргі қызметіне 2014 жылғы 15 қаңтарда Елбасы Жарлығымен тағайындалған.
«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.
48 жыл бұрын (1966) «Қазақстан Астық одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы ТІЛЕУБАЕВ Нұрлан Сақтапбергенұлы дүниеге келді.
Ақтөбе облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 1986-1992 жылдары - кеңшар механизаторы. 1992-1998 жылдары - «Алиби» Акционерлік қоғамының президенті қызметін атқарған. Қазіргі қызметінде 1998 жылдан бастап істейді. 2006-2008 жылдары - «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы саяси кеңесінің мүшесі. 2006 жылдан - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі. 2008 жылдан - «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» Акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі.
«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
110 жыл бұрын (1904-1996) француз тенисшісі, Үлкен дулыға турнирінің 7 мәрте жеңімпазы, Lacoste киім маркасының негізін қалаушы, 1926 және 1927 жылдардың қорытындысы бойынша әлемнің бірінші ракеткасы ЛАКОСТ Рене дүниеге келді.
Париж қаласында туған. 1923 жылы оны Дэвис кубогына қатысу үшін Францияның құрама командасына шақырады. Осылайша спорт жолындағы мансабын бастаған ол арада 5 жыл өткенде Франция ашық чемпионатының финалында бақ сынайды. 1933 жылы француздық трикотаж компаниясының президенті Анде Жильемен бірге теннис көйлектерін шығаратын «La Societe Chemise Lacoste» фирмасының негізін қалайды 92 жыл бұрын (1922) француз модельері Пьер КАРДЕН дүниеге келді.
89 жыл бұрын (1925-1961) Африканың саяси қайраткері Патрис ЛУМУМБА дүниеге келді.
8 4 жыл бұрын (1930) аргентиналық саясаткер, Аргентина президенті (1989-1999) Карлос Сауль МЕНЕМ дүниеге келді.