2 шілде күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 2 шілде күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

6.00-де Триатлон паркінде 60 елден келген 1000-нан астам триатлон әуесқойлары BI GROUP IRONMAN KAZAKHSTAN және IRONMAN 70.3 Astana жарыстарына қатысады.

10.00-де Қаламгерлер аллеясында «Қазақстан Жазушылар одағы» қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалы Астана қаласы мәдениет басқармасының қолдауымен «Астана – шабыт арқауы» мәдени шарасын өткізеді.

12.00-де Барыс Аренада Астана күніне орай қазақ күресінен «Қазақстан барысы – 2023» республикалық турнирі өтеді.

12.00-де Бәйтерек монументі алаңында Ұлттық домбыра күніне арналған өнер шеберлерінің концерті өтеді.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Гауһартас» музыкалық драмасы ұсынылады.

19.00-де Жастар театрында гастрольмен келген Түркістан музыкалық драма театры «Фариза» спектаклін қояды.

20.00-де «EXPO» халықаралық көрме орталығында Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра дастаны» концерті өтеді.