«2 шілдеде Қазақстан Президентінің қатысуымен Индустрияландыру күнін өткізу жоспарлануда. Іс-шара «Нұрлы жол» және елді индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысына арналады. Оның аясында Индустрияландыру картасындағы жаңа жобаларды және «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы инфрақұрылымдық нысандар құрысын іске қосу рәсімі өтеді. Сонымен қатар, Қазақстанның өндіріс тауарларының көрмесі ұйымдастырылады», - делінген хабарламада.