Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында ауа райы ашық болады.
Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.
Солтүстік Қазақстан, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, күндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Атырау, Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл көтеріліп, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстырында өте ыстық ауа райы сақталады, Оңтүстік Қазақстан облысында күн қатты ысып, кей жерлерінде аптап ыстық күтіледі.
Маңғыстау облысында да ауа райы өте қатты ысиды.
Қызылорда облысының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
.