2 шілдеде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
11.00-де Астана халықаралық қаржы орталығында «Astana Finance Days» қаржы конференциясында қаржы құралдарын жетілдіру перспективалары және қазақстандықтардың салымдарына кепілдік беру мәселелері талқыланатын брифинг өтеді.
11.00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы «Локомотив» зауытында локомотив пен тепловоз тарту бойынша спорттық шара өтеді. Бәсеке Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына және Тұрғанбай Ержановты еске алуға арналған.
11.00-де ҚР Ұлттық музейінде Астана күніне орай «Ислам және адамзат: кеше, бүгін, ертең» атты халықаралық фотосурет көрмесі өтеді.
12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Елімізде халықаралық вокал академиясын ашу және опера және балет өнерін дамыту туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Мәдениет және спорт Вице-министрі Нұрқиса Дәуешов, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының директоры Ғалым Ахмедьяров, «Астана Балет» театрының директоры Александр Савостьянов, Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры Тайыр Қаратаев. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.
16.30-да ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметінде «Спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар спортшыларының 2021 жылғы XXXII жазғы Олимпиада ойындарына қатысуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, бокстан ҚР бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев, ҚР Ұлттық Олимпиада Комитетінің Бас хатшысы Андрей Крюков, 2008 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, 2012 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Токиодағы 2021 жылғы Олимпиада ойындарының ту көтерушісі Ольга Рыпакова, әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері, Олимпиада ойындарына азия іріктеу турнирінің күміс жүлдегері, Токиода 2021 жылғы Олимпиада ойындарының ту ұстаушы Қамшыбек Қонқабаев. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.
19.30-да «Астана Балет» театрында биылғы маусымның басты премьерасы – РФ еңбек сіңірген өнер қайраткері Георгий Ковтун қойған «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» (Махаббат туралы дастан) балеті көрсетіледі.