Елордада күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Алматы қаласы мен Алматы облысында нөсер жаңбырға байланысты Іле және Күнгей Алатауында сел жүру қаупі бар.
Шымкентте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Абай облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстігінде түнде тұман түседі. Желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі. Өңірде төтенше және жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысында түнде жаңбыр мен найзағай, күндіз батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Оңтүстікте жоғары, шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ пен дауыл болжанады.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің екпіні кей жерлерде 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ жауады. Түнде тұман күтіледі. Ауа температурасы 35-36 градусқа дейін көтеріледі. Жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында, сондай-ақ оңтүстігі мен солтүстік-шығысында жаңбыр, найзағай, жаңбыр, бұршақ және дауыл болады. Желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Күндіз аптап ыстық 35 градусқа дейін жетеді. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр мен найзағай болжанады.
Қарағанды облысында түнде және күндіз жаңбыр, найзағай, бірқатар бөлігінде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болады. Желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Қызылорда облысында жаңбыр жауады. Солтүстігі мен орталығында түнде қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай, дауыл және шаңды дауыл болжанады. Өңірдің орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр, найзағай, солтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі.
Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысы мен оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болады. Ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болжанады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді.
Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Батысы мен солтүстігінде шаңды дауыл болуы мүмкін. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында жаңбыр, найзағай, қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болжанады. Желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады.