2 тамыз күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігі 2 тамыз күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу ұсынады.

АСТАНА

10.00-де республикалық бюджеттің игерілуін бақылау бойынша Есеп комитетінің отырысы басталады.

АЛМАТЫ

11.00-де «Алматы қалалық кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Татуласу орталығы ашылады.

ҚЫЗЫЛОРДА

10.00-де Қызылорда облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызметі істері департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Абзал Мұхимов баспасөз мәслихатын өткізеді.

ШЫМКЕНТ

11:00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының 2018 жылдың І жартыжылдықта атқарған жұмыстары туралы баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Бақытжан Қырықбай.

12:00-де облыстық білім басқармасының басшысы И. Сағындықов өңірдегі білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығы туралы баспасөз мәслихатын өткізеді.