2 тамызда Астананың бірқатар нысандарында ауыз су беру тоқтатылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 тамызда сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жоспарлы жөндеу жұмыстарын өткізуге байланысты Астанының бірқатар тұрғын және тұрғын емес нысандарында ауыз су беру  тоқтатылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, келесі мекенжай бойынша тұрғын үйлер ауыз сусыз қалады: Күйші Дина 4/1, 4/2; Майлин көшесі 3, 3/2, 5, 5/1, 7, 7/1, 7/2, 8, 9, 11/1, 14, сондай-ақ Тәуелсіздік даңғылы 26/1, Сәтбаев көшесі 19, 19/1.

Онымен бірге келесі мекенжай бойынша тұрғын емес нысандар ауыз сусыз қалады: Майлин,  12- Қоғамдық тамақтану және қызмет колледжі, Майлин, 1- Тенгри қонақүйі, Майлин, 4- Fusion қонақүй, Майлин, 10- бизнес орталық, сондай-ақ Майлин, 2/4, 1, 6.