2 тамызда ел аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2 тамызда ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Тек кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Кей жерлерде жел күшейеді, дауыл, шаңды дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ақмола облысында дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, түндежел күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жетеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодароблыстарының кей жерлерінде дауыл, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20, кейжерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді.

Қарағанды, ШығысҚазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел15-20 м/с күшейеді.

Алматы, БатысҚазақстан, Ақтөбе түнде және таңертең Қызылорда, Атырау, күндіз Жамбылоблыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Түркістаноблысының кей жерлерінде жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетіп, шаңды дауылғаұласады.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстаноблыстарында қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, ҚарағандыАқтөбе, Шығыс Қазақстан, облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупісақталады.