Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлайды.
Ақмола, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында, күндіз Атырау облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді деп күтілуде, Атырау облысында шаң көтеріліп, дауыл тұрады. Маңғыстау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, күндіз Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді.
Алматы, Жамбыл облыстарында, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз қатты ыстық сақталады.
Республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында кей жерлерде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.
Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстік-шығысы және шығысының таулы өзендерінде су деңгейінің тұрақсыздығы күтілуде. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық тәртіпте айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.