2 жасар бала анасының көз алдында көлік ішінде отқа оранды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Ыстықкөл облысында екі жасар бала анасының көз алдында тірідей өртенген. Бұл туралы КирТАГ облыстық ІІБ сілтеме жасап хабарлады.

Оқыс оқиға 12 сәуір күні шамамен сағат 14:30 болды. Ыстықкөл облысындағы Семеновка ауылының 22 жастағы тұрғыны Кичи-Ак-Суу шатқалынан «Москвич ИЖ Комби» маркілі көлігімен үйіне келе жатқан. Ол автомобиль салонына ішінде жанар-жағар майы бар 5 литрлік ыдысты қойған.

Қауіпсіздік техникасы сақталмағандықтан, жол бойында ішінде жанар-жағар майы бар канистр өртенген. Бұдан шошынған жүргізуші көлікті күрт бұрған сәтте, аударылып кеткен.

Жүргізуші мен екі ересек жолаушы машинадан шығып үлгерді. Ал 2 жасар бала салонда қалып қойды. Бүлдіршін 23 жастағы анасының көзінше тірідей отқа оранды.

Жүргізуші мен жолаушылардың бірі Ананьево ауылындағы ауруханаға жеткізілді.