Бала ауладағы əжетхана тесігіне түсіп кетіп көз жұмған болған.
«Жоғалып кеткен екі жастағы Есімхан Аниз өлі күйінде табылды. Əжетхана тесігіне түсіп кеткен. Үлкендер баланы ұйқыдан тұрған соң 11-де іздей бастаған. Бала таңертең шығып кеткен», - деді қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Əзірбек.
Естеріңізе сала кетейік, осыдан екі күн бұрын Шаңырақ шағынауданының тұрғыны аулада ойнап жүрген баласы жоғалып кеткенін айтып полицияға хабарласқан. 2 жастағы Есімхан Аниз таңертең үйден шығып кеткен. Ата-аналары сағат 11-де тұрып жан-жақтан іздей бастайды. Баланы іздестіруге Алматы полициясының гарнизоны жұмылдырылған болатын.