«Қазгидромет» РМК ақпаратына сүйенсек, дүйсенбі күні атмосфералық ауа сапасы Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Талдықорған және Өскемен қалаларында нашарлайды.
Ал Ақтөбе, Ақтау, Орал, Қостанай, Қызылорда, Көкшетау, Петропавл, Тараз және Шымкентте ауаның ластануы күтілмейді.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.