20 000 долларын жасырын өткізбек болған Түркия азаматы ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық шекарашылар Түрік азаматын жарияланбаған валютасы үшін ұстады, деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінен.

«Қорадай» шекара отрядына қарасты «Қарасу-авто» өткізу-бақылау бекетінің бақылаушылары (Жамбыл облысы) 20 000 АҚШ доллары мен 510 000 теңгесін жарияламай, шекарадан жасырып өткізбек болғаны үшін 43 жастағы Түрік Республикасының азаматын ұстады.

Аталған азамат біздің елімізден көршілес Қырғыз Республикасына «Тойота «Фортунер» автокөлігімен кетіп бара жатқан. Жарияланбаған ақшасы көлігін тексеру кезінде табылды. Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды. Фильтрациялық іс-шаралар жүргізілуде.