20 адам шахтадағы апаттың салдарынан жер астында қалып қойды

АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Қытайдың шығысындағы Аньхой провинциясында сейсенбі күні таңертең көмір шахтасында болған апаттың салдарынан 20 кенші жер астында қалып қойды.

Көмір шахталарындағы қауіпсіздікті бақылау басқармасының ақпаратына қарағанда, 09:55-те Хуайнань қаласының аумағында орналасқан Чжуцзи көмір шахтасы опырылған. Үйінді астында қалған кеншілердің бірін жоғары алып шығару мүмкін болды, бірақ жер астында шамамен 20 адам қалып отыр, деп хабарлады «Синьхуа».

Құтқару жұмыстары жалғасуда.