20 қаңтар күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 20 қаңтар күні Астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.15-те Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде 2022 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша алқа отырысы өтеді.

11.00-де Қазмедиа орталығында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және архив ісі жөніндегі алқасының кеңейтілген отырысы өтеді.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Қадыров Данияр Рамазанұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

19.00-де «QAZAQSTAN» орталық концерт залында «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі әлемге әйгілі виолончелист Александр Хюльсхоффтің (Германия) қатысуымен «Виолончель және оркестр» атты классикалық музыка кешін өткізеді. Оркестр дирижері – Клод Вилларе (Швейцария).

19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Хат» философиялық драмасы көрсетіледі.

19.00-де Номад Сити Холл сахнасында Уильям Шекспирдің «Ричард ІІІ» реквиемі көрсетіледі.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Шәмші» мюзиклі қойылады.

21.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Ұйқым келмейді» драмасы қойылады.