Оның атап өтуінше, ағымдағы сайлау науқанына орай, БАҚ бетіндегі материалдарға мониториг жүргізуді Орталық сайлау комиссиясының ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетімен бірлескен нормасы жүзеге асырды. Мониторинг 48 республикалық газетті, 15 журналды, 16 республикалық телеарнаны, 12 радионы, 174 өңірлік газетті, 31 өңірлік телеарнаны, сонымен қатар барынша танымал 162 қоғамдық-саяси интернет-ресурсты қамтыған.
«2016 жылдың 20 қаңтары мен 19 ақпаны аралығында БАҚ-та сайлау тақырыбына қатысты 13898 материал жарияланды. Оларда партиялардың және сайлауға байланысты партиялық тізімге енген канидаттардың қызметтері жайында айтылған. Аталған материалдардың ішінше республикалық телеарналардың эфирінен 3757 сюжет, республикалық мерзімді басылымдарда 1154 мақала жарияланды», - деді М.Сәрсембаев.
Мұнан бөлек, өңірлік БАҚ-та 3924, ал интернет-ресурстарда 5063 материал жарық көрген.