Бүркітбай АЯҒАН, Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары
1954 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1979 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолы: 1979-1981 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде (Абай атындағы ҚазПИ) оқытушы, 1981-1984 жылдары комсомол комитетінің хатшысы, 1984 жылы КОКП тарихы кафедрасының аға оқытушысы болды. 1984-1990 жылдары Қазақ КСР Халыққа білім беру министрлігі Қоғамдық ғылымдарды оқыту бас басқармасының жетекші маманы, 1990-1991 жылдары Қазақ КСР Президенті аппаратының Баспасөзбен байланыс және қоғамдық пікірді зерттеу бөлімінің кеңесшісі, 1991 жылы Қазақ КСР Президентінің баспасөз хатшысы аппаратының Қоғамдық пікірді зерттеу секторының меңгерушісі, 1991-1992 жылдары Баспасөзбен байланыс және қоғамдық пікірді зерттеу бөлімінің Қоғамдық пікірді зерттеу секторының меңгерушісі қызметін атқарды. 1992-1993 жылдары Президенттің баспасөз хатшысы қызметінің кеңесшісі, 1993-1994 жылдары бөлім меңгерушісінің орынбасары — Қоғамдық үдерістерді үйлестіру тобының жетекшісі, 1994-1995 жылдары ҚР Министрлер Кабинеті Іс басқармасының Мәдениет және қоғамдық бірлестіктермен байланыс бөлімінің меңгерушісі орынбасары, 1995 жылы ҚР Министрлер Кабинеті Іс басқармасының Ішкі саясат бөлімінің Жедел талдау және ақпарат секторының меңгерушісі болды. 1995-1996 жылдары ҚР Үкіметі аппараты Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, 1996-1998 жылдары ҚазМЗУ Сыртқы байланыстар орталығының директоры, 1998-1999 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Бұқаралық ақпарат құралдары департаменті директорының орынбасары, 1999-2003 жылдары Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы қызметін атқарды. 2003-2008 жылдары «Қазақ энциклопедиясы» ЖАҚ-ның директоры — бас редакторы, 2008-2020 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетіне қарасты Мемлекет тарихы институтының директоры болды.
«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Еңбек ардагері», «Кітап мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін», «ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтына 25 жыл» және академик Манаш Қозыбаев атындағы медальдармен, Түркия Республикасының естелік белгісімен, «Ғылымға сіңірген еңбегі үшін», «Баспа және полиграфия ісінің қайраткері» құрмет белгілерімен, «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталған.
Игорь ЛЕПЕХА, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары
1962 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын инженер мамандығы бойынша, 1993 жылы Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1986-1987 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қалалық ішкі істер басқармасы саяси бөлімінің аға нұсқаушысы, 1987-1988 жылдары Қарағанды облысы Гагарин аудандық ішкі істер бөлімінің саяси бөлім жөніндегі орынбасары, 1988-1990 жылдары Қарағанды облысы Абай қалалық ішкі істер бөлімінің саяси бөлім жөніндегі орынбасары болды. 1990-1993 жылдары Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігі академиясының тыңдаушысы, 1993-1997 жылдары Қарағанды қаласы Совет аудандық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары, бірінші орынбасары, 1997-1998 жылдары Қарағанды облыстық ішкі істер басқармасы Патрульдік полиция басқармасының бастығы қызметін атқарды. 1998-2005 жылдары Қарағанды облыстық ішкі істер басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының Әкімшілік полиция қызметінің бастығы, 2005-2009 жылдары Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, 2009-2011 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2011-2018 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы, 2019-2020 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігі Штабының бастығы — департамент директоры, 2020-2022 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігі Аппаратының басшысы қызметтерін атқарған.
Қазіргі қызметін 2022 жылғы қазаннан бері атқарып келеді.
Қайрат БАЛАБИЕВ, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің ректоры
1965 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. 1990 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша, 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан ашық университетін қаржы және несие мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек өтілі: 1990-1991 жылдары Шымкент қаласы Дзержинский ауданы прокуратурасында тағылымдамадан өтті. 1991-1994 жылдары Еңбекші ауданы прокурорының көмекшісі, Абай ауданы прокурорының аға көмекшісі, 1994-1996 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының жедел-іздестіру қызметі, тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры, Шымкент қаласы Абай ауданы прокурорының орынбасары болды. 1996-2000 жылдары Киров ауданы прокурорының орынбасары, 1997-2000 жылдары Мақтаарал ауданының прокуроры, 2000-2001 жылдары облыс прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облыстық Әділет басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. 2001-2003 жылдары Шымкент қаласындағы Қазақ мемлекеттік заң академиясының Оңтүстік Қазақстан заң институтының, кейіннен Құқықтану, қаржы және қаржы құқығы институтының ректоры қызметін атқарған. 2003-2005 жылдары Шымкент қаласының прокуроры, 2005-2006 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, 2006-2007 жылдары Жамбыл облысы прокурорының орынбасары болған. 2007-2008 жылдары Қазақ мемлекеттік заң университеті Әлеуметтік-саяси зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының, 2007-2010 жылдары Қашықтан оқыту оқу орталығының директоры қызметтерін атқарған. 2010 жылғы қаңтар-наурыз айларында ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Тергеу департаментінің Экономикалық және қаржылық қылмыстарды тергеу басқармасының бастығы қызметін атқарған. 2010 жылғы наурыздан 2011 жылға дейін Қазақ мемлекеттік заң университеті Әлеуметтік-саяси зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының директоры болған. 2011 жылы Қазақстан халықтар достығы инженерлік-педагогикалық университетінің «Құқықтану» кафедрасының профессоры қызметін атқарған. 2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, кейін облыстық мәслихаттың хатшысы, сондай-ақ Түркістан облыстық мәслихаты VI шақырылымының хатшысы болған. 2023-2026 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты болды.
Қазіргі қызметін 2026 жылғы шілдеден бері атқарып келеді.
Мұрат ТІЛЕУБЕРДИЕВ, Қарағанды облысының прокуроры
1973 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: Алматы қаласы аудандық прокуратурасында көмекші, аға көмекші, бөлім бастығы қызметтерін атқарған. Алматы қаласы прокурорының көмекшісі, қала прокуратурасы басқармасы бастығының орынбасары және бастығы болған. Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасында Алматы қаласы прокурорының аға көмекшісі қызметін атқарған. 2018 жылғы сәуірден 2023 жылғы мамырға дейін Алматы қаласы Әуезов ауданының прокуроры, 2023-2026 жылдары Түркістан облысының прокуроры болған.
Қазіргі қызметін 2026 жылғы маусымнан бері атқарып келеді.
Дильназ АХМАДИЕВА, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
1980 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2002 жылы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін аудармашы-референт мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1997 жылы Мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театрында әнші-солист болған. 2002 жылы Латвияның Юрмала қаласында өткен «Жаңа толқын» халықаралық ән байқауында Қазақстан атынан өнер көрсетті. 2004 жылы АҚШ-тың Калифорния штатындағы Голливудта актерлік шеберлік курстарынан өтті.
2012 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын иеленді.
Дәулет БЕКМАНОВ, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары
1983 жылы дүниеге келген. 2004 жылы «Мирас» университетін информатика мамандығы бойынша, 2010 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2007-2009 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да IT бөлімшесінің жетекші маманы, мемлекеттік органдардың АКТ бөлімшелерінің жұмысын қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша АКТ үдерістерін талдау және басқару топтарының бас менеджері, IT-консалтинг тобының талдаушысы қызметтерін атқарған. 2009-2011 жылдары «Денсаулық сақтау инвестициялық жобаларын басқару орталығы» ЖШС-ның жетекші маманы болған. 2011-2012 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның бас талдаушысы, ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. 2012-2013 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚКО қызметін үйлестіру комитетінің Электрондық қызметтерді бақылау басқармасының бастығы, кейін басқарма жетекшісі болған. 2014 жылы ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі Электрондық қызметтер мен ХҚКО-ларды дамыту департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған. 2014-2016 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Электрондық қызметтерді бақылау басқармасын басқарған. 2016-2017 жылдары ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Мемлекеттік қызметтерді дамыту департаменті директорының орынбасары, Ақпараттандыру департаментінің директоры болған. 2017-2020 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған. 2020 жылғы ақпаннан 2023 жылғы мамырға дейін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік қызметтер комитетінің төрағасы болған. 2023 жылғы мамырдан 2025 жылғы шілдеге дейін «Қазпошта» АҚ-ның мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарған. 2025-2026 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы болған.
Қазіргі қызметін 2026 жылғы қыркүйектен бері атқарып келеді.
Нұртас КӘРІПБАЕВ, Ұлытау облысы әкімінің орынбасары
1986 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританиядағы Шеффилд университетін бітірген. Басқару және мемлекеттік саясат магистрі.
Еңбек жолы: Қарағанды облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында, облыс әкімінің аппаратында бас маман қызметін атқарған. Қарағанды облысының Денсаулық сақтау және Кәсіпкерлік басқармаларында басшылық қызметтерде жұмыс істеген. 2022-2024 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары, 2024-2025 жылдары ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болған.
Қазіргі қызметін 2025 жылғы желтоқсаннан бері атқарып келеді.
Жарқынбек АМАНТАЙ, «Әділет» партиясынан Қазақстан Республикасы Құрылтайының I шақырылым депутаты
1988 жылы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында дүниеге келген. 2010 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын филология мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2010-2011 жылдары Павлодар қаласындағы Абай атындағы орта мектепте мұғалім, 2011-2013 жылдары «Сарыарқа самалы» облыстық газетінің тілшісі, 2013-2015 жылдары «Қазақстан Zaman» газетінің Павлодар қаласындағы меншікті тілшісі, 2015-2019 жылдары «Регион Kz» облыстық газетінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарған. 2019-2020 жылдары Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық музыкалық-драма театры басшысының орынбасары, 2020-2021 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы Павлодар облыстық филиалының директоры болған. 2021-2022 жылдары Павлодар қаласындағы «ШАҢЫРАҚ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығының, 2022-2023 жылдары «Мәшһүртану» ғылыми-практикалық орталығының басшысы міндетін атқарған. 2022-2026 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болды.
Қазіргі қызметін 2026 жылғы тамыздан бері атқарып келеді.
2022 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.
Нұрлан БАЛҒЫМБАЕВ, Қазақстанның көрнекті саяси және мемлекет қайраткері
1947 жылы Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында дүниеге келген. 1973 жылы Қазақ политехникалық институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген. 1992-1993 жылдары Массачусетс университетінде білім алған.
Еңбек жолы: 1964-1968 жылдары Қарағанды экспедициясында моторшының көмекшісі, бұрғылаушының көмекшісі, токарь болып жұмыс істеген. 1973-1977 жылдары «Маңғыстаумұнай» бірлестігінде ұңғымаларды жерасты жөндеу операторы, мұнай өндіру операторы, шебер, ауысым бастығы, аға инженер қызметтерін атқарған. 1977-1981 жылдары «Ембімұнай» бірлестігінің «Жайықмұнай» мұнай өндіру басқармасында өндірістік қызмет көрсету базасы бастығының орынбасары, бас инженер болған. 1981-1986 жылдары «Ақтөбемұнай» бірлестігінің бас инженері қызметін атқарған. 1986-1991 жылдары КСРО Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігінің «Басмұнайгазөңдеу» бас басқармасы бастығының орынбасары, мұнай өндіру жөніндегі бас басқармасы бастығының орынбасары болған. 1993-1994 жылдары АҚШ-тың Сан-Рамон қаласындағы «Шеврон» мұнай компаниясында тағылымдамадан өтіп, кеңесші қызметін атқарған. 1994-1997 жылдары ҚР Мұнай және газ өнеркәсібі министрі, 1997 жылы «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» ЖАҚ президенті болған. 1997-1999 жылдары Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметін атқарған. 1999-2002 жылдары «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» ЖАҚ президенті, 2002 жылдан бастап Қазақстан мұнай инвестициялық компаниясының президенті болған. 2007-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, 2009 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны — «ҚазМұнайГаз» салынып жатқан кәсіпорындар дирекциясының бас директоры қызметін атқарған.
II дәрежелі «Барыс» орденімен (1999), «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалімен (2008) марапатталған.