20 қараша. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 20 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

74 жыл бұрын (1947-2015) қазақ мұнайы саласына елеулі үлес қосқан тұлға, мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Өтепұлы БАЛҒЫМБАЕВ дүниеге келген.

Атырау қаласында туған. Қазақстан Республикасының 1997-1999 жылдар аралығындағы премьер-министрі. Қазақ политехника институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген (1973).

Еңбек жолын қазіргі Маңғыстау облысының Құрық кентінде бұрғылаушының көмекшісі (1964) болып бастаған. 1973-1977 жылдары – «Маңғышлақмұнай» бірлестігінде жерасты жөндеу операторы, мұнай шығару жөніндегі оператор, скважиналарды жерасты жөндеу шебері. 1977-1992 жылдары Атырау облысындағы Аққыстау өндірістік қызмет көрсету базасы бастығының орынбасары, «Ембімұнай», «Ақтөбемұнай» бірлестіктерінің бас инженері, КСРО Мұнай және газ өнеркәсібі министрігінің Бас басқармаларында бастықтың орынбасары қызметтерін атқарды. Одан кейін АҚШ-тың Массачуссетс университетінде оқып, мұнай өндірісінің әлемдік озық тәжірибелерін іс жүзінде меңгеру үшін «Шеврон» компаниясында жұмыс істеді. 1994-1997 жылдары ҚР Мұнай және газ өнеркәсібі министрі, «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясының президенті болды. 1997-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі қызметін атқарды. 1999 жылдан – «Қазақойл» ұлттық мұнай компаниясының президенті, Қазақстан үкіметінің мүшесі. 2002 жылдан – «Қазақстандық мұнай инвестициялық компаниясы» АҚ президенті. 2007 жылдан – ҚР Президентінің кеңесшісі, Қазақстанның Каспий теңізі ресурстарын пайдалану мәселелері жөніндегі арнайы өкілі. 2009-2015 жылдары – «ҚазМұнайГаздың» салынып жатқан кәсіпорындары дирекциясының» бас директоры.

Балғымбаев – еліміздің мұнай және газ өнеркәсібін заман талабына сай дамытып, қазба байлықтарды тиімділікпен игеріп, халық игілігіне жарату жөніндегі ірі жобаларды жасау ісіне тікелей араласып, ұйытқы болған тұлға.

67 жыл бұрын (1954) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Ғылманұлы АЯҒАН дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген.

Қазақ педагогикалық институты комсомол ұйымының хатшысы, аға оқытушысы болған. 1990-1996 жылдары – Қазақ КСР Жоғарғы білім министрлігінде жетекші ғылыми қызметкер, Президент әкімшілігі мен Министрлер Кабинетінің баспасөз қызметінің кеңесшісі, сектор меңгерушісі, ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1996-1998 жылдары – Қазақ мемлекеттік заң университетінің сыртқы байланыстар орталығының директоры. 1998-1999 жылдары – Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі БАҚ департаменті директорының орынбасары. 1999-2003 жылдары Алматы калалық ақпарат пен қоғамдық келісім басқармасының бастығы болды. 2003-2008 жылдары «Қазақ энциклопедиясы» баспасының директоры қызметтерін атқарған. 2008 жылдың қазан айынан – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мемлекет тарихы институтының директоры – Қазақстан Республикасы тарихшылары және қоғамтанушылары лигасының төрағасы.

2020 жылдан бері қазіргі қызметінде.

Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы (қоғамның әлеуметтік құрылымының эволюциясы, саяси өзгерістер, халықтың демографиялық құрылымындағы өзгерістер) тарихи мәселелерін зерттеуге арналған. Мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулықтарды жазуға қатысты.

«Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.

59 жыл бұрын (1962) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Зарина Айдарханқызы ҚАМАСОВА дүниеге келді.

Украинаның Черкасск облысы Умань қаласында туған. Семей мемлекеттік медицина университетін 1990 жылы тәмамдаған, дәрігер-педиатор, жоғары категориялы білікті дәрігер-офтальмолог (үлкендер және балалар).

Еңбек жолы: 1990-1991 жылдары – Семей қаласы облыстық офтальмологиялық ауруханасында дәрігер-интерн; 1991-1991 жылдары – Семей қаласы облыстық офтальмологиялық ауруханасында дәрігер-офтальмолог; 1994-1996 жылдары – Семей мемлекеттік медицина институтында көз аурулары кафедрасының ассистенті; 1996-1997 жылдары – Шығыс Қазақстан облыстық балалар ауруханасында дәрігер-офтальмолог; 1997-1998 жылдары – Өскемен қаласы ШЖҚ КМК «Ана мен бала орталығы», көз микрохирургия бөлімінің меңгерушісі; 1997-2013 жылдары – ШҚО штаттан тыс бас офтальмологі; 2013-2014 жылдары – Өскемен қаласындағы «Көз микрохирургия клиникасы» ЖШС-ның бас дәрігері; 2014-2020 жылдары – Өскемен қаласындағы «Көз микрохирургия клиникасы» ЖШС-ның директоры.

2021 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі қызметінде. 2018 жылы «Астана 20 жыл», 2019 жылы «Шығыс Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» медальдарымен, 2016 жылы «Денсаулықсақтау үздігі», 2017 жылы «Үздік депутат», 2020 жылы «Өскемен қаласының дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен, 2011 жылы «ҚР-ның үздік балалар офтальмологиялық қызметі» ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мақтау қағазымен, 2003 және 2017 жылдары облыс әкімінің, 2018 жылы Өскемен қаласы әкімінің мақтау қағаздарымен, ҚР-ның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев пен ҚР Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың алғыс хаттарымен марапатталған.

59 жыл бұрын (1962) ҚР Ішкі істер министрлігі аппаратының жетекшісі Игорь Владимирович ЛЕПЕХА дүниеге келді.

Қарағанды облысында туған. Қарағанды политехникалық институтын, РФ ІІМ академиясын бітірген. 1986-1987 жылдары – Қарағанды облысының Теміртау қаласы ішкі істер басқармасы саяси бөлімінің аға нұсқаушысы. 1987-1988 жылдары – Қарағанды облысы Гагарин ауданы ішкі істер бөлімі бастығының саяси бөлім бойынша орынбасары. 1988-1990 жылдары – Қарағанды облысы Абай қаласы ішкі істер бөлімі бастығының саяси бөлім бойынша орынбасары. 1990-1993 жылдары – РФ ІІМ академиясының тыңдаушысы. 1993-1997 жылдары – Қарағанды облысы қалалық ішкі істер басқармасының торуыл полициясы басқармасының бастығы. 1998-2005 жылдары – Қарағанды облысы қалалық ішкі істер басқармасының әкімшілік полиция қызметінің бастығы, қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы. 2005-2009 жылдары – Қарағанды облысы ІІД бастығының орынбасары. 2009-2011 жылдары – ҚР ІІМ Әкімшілік полициясы комитеті төрағасының орынбасары. 2011-2018 жылдары – ҚР Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы. 2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Штаб-департаментінің бастығы.

Қазіргі қызметінде – 2020 жылдың науырызынан бері.

38 жыл бұрын (1983) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің төрағасы Дәулет Нысанқұлұлы БЕКМАНОВ дүниеге келді.

Өзбекстанның Дустлик қаласында туған. 2004 жылы «Мирас» университетін информатика мамандығы бойынша, 2010 жылы М.А. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы ақпараттық технологиялар саласында жеке және мемлекеттік құрылымдарда бастаған. 2007 жылдан бастап 2009 жылға дейінгі кезеңде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ АТ-консалтинг тобының талдаушысы болған. 2009-2011 жылдар аралығында «Денсаулық сақтаудың инвестициялық жобаларын басқару орталығы» ЖШС-ның жетекші маманы болып жұмыс істеген. 2011 жылы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бас аналитигі, ҚР БАМ Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚКО қызметін үйлестіру комитеті Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру басқармасының басшысы қызметін атқарған. 2012-2013 жылдары ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚКО қызметін үйлестіру комитетінде түрлі лауазымда қызмет еткен. 2014 жылдан бастап 2017 жылға дейін Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің Электрондық қызметтерді және ХҚКО дамыту департаменті директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне қарасты Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті Электрондық қызметтерді бақылау басқармасының басшысы болған. 2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде Мемлекеттік қызметтерді дамыту департаменті директорының орынбасары және Ақпараттандыру департаментінің директоры лауазымдарын атқарған. 2018 жылғы қыркүйектен бастап 2020 жылғы ақпанға дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

2020 жылдың ақпанынан бастап қазіргі қызметінде.