20 қарашада Астанада Қазақстан судьяларының VI съезі өтеді

АСТАНА. 28 қазан. ҚазАқпарат - 20 қарашада астаналық Тәуелсіздік сарайында Қазақстан судьяларының VI съезі өтеді, деп хабарлады ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметінен.

Бұл маңызды қоғамдық-саяси шараға мемлекет басшысы Н.Назарбаев, орталық мемлекет органдардың басшылары, көптеген отандық және шетелдік делегациялардың өкілдері қатысады деп күтілуде. Форумға қатысушылар сот жүйесі үшін маңызды шешімдерді қабылдайды, жалпы сот жүйесін одан әрі дамыту мақсатында стратегиялық маңызды мәселелерді қарайды.