АСТАНА
9:00-де Hilton Astana қонақүйінде Орталық Азия елдеріндегі Қылмыстық әділет жүйесі бойынша IX эксперттік форум өтеді.
10:00 ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысы басталады.
10:00 Қазақстан мен Қырғызстан халық дипломаттарының кездесуі өтеді.
10:00 Rixos President Astana қонақ үйінде «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және ҚР Сыртқы сауда палатасы АӨСШК Бизнес кеңесінің жетінші пленарлық сессиясын және АӨСШК IX бизнес-форумын өткізеді.
10:30 Астана хабта цифрлық платформалар нарығындағы эксклюзивті аналитика бойынша зерттеу нәтижелерінің таныстырылымы өтеді.
11:30 ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы атты баспасөз мәслихаты өтеді.
15:00 Астана қаласы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалы және Ұлттық нейрохирургия орталығы БАҚ өкілдерін «Әлеуметтік медициналық сақтандырудың қан айналымы нейрохирургиясындағы рөлі» пресс-турына шақырады.
16:00 Rixos President Astana қонақ үйінде Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек пен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының президиум төрағасы Райымбек Баталовтың бизнес-қоғамдастықпен жыл сайынғы кездесуі өтеді.
17:00 ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Әлеуметтік зерттеу нәтижелері: Қуатты отбасының қалыптасуына әсер ететін факторлар» атты баспасөз мәслихаты өтеді.